Ақтөбе тұрғынынан аса ірі көлемде марихуана тәркіленді
12 қаңтарда Ақтөбе қаласында полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізу барысында есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен гараж кооперативінің аумағынан 38 жастағы ер адамды ұстады.
Фото: ҚР ІІМ
15:33 15.01.2025
Қызметтік-іздестіру итін қолдана отырып тінту жүргізу кезінде оның автокөлігінің салонынан ішіне өсімдік тектес зат салынған 2 полиэтилен пакет табылып, тәркіленді.
Сондай-ақ күдіктінің гаражынан 1 орама пен 16 полиэтилен пакет табылды, олардың ішінде ерекше иісі бар жасыл түсті заттар болды. Мәртөк ауданының аумағында орналасқан шаруа қожалығын санкцияланған тінту кезінде жасыл түсті зат салынған полиэтилен пакет анықталды.
Сараптама қорытындысы барлық тәркіленген заттың марихуана екенін көрсетті. Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 36 келіні құрайды.
Дереккөз: zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!