{metadescription}
Қызылордалық полицейлер тұрғын үйден 6 млн теңгені ұрлап кеткен күдіктіні ұстады

Қызылордалық полицейлер тұрғын үйден 6 млн теңгені ұрлап кеткен күдіктіні ұстады

*Қызылорда облысында полицейлер тұрғын үйден 6 миллион теңгені ұрлаған күдіктіні қолға түсірді. 

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны үйінде ұрлық болғаны жөнінде хабарлаған. Тексеру барысында үй иелері болмаған уақытта белгісіз адам жәбірленушінің үйінің жатын бөлмесіне терезені бұзу арқылы кіріп, 6 млн теңгенің ақшасын ұрлағаны анықталды.

- Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полицейлер Түркістан облысында қонақүйде жасырынып жатқан 34 жастағы күдіктіні қолға түстірді. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұрланған ақша жәбірленушіге қайтарылды. Күдіктіге қатысты сот санкциясымен 2 ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде