Жетісуда 2 ірі есірткі зертханасы жойылды
Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік және полиция департаменттерімен синтетикалық есірткі өндіретін 2 жасырын зертхананың жолы кесілді. Сот санкциясымен 5 адам қамауға алынды.
Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
08:23 16.01.2025
Жетісу облыстық прокуратурасы таратқан мәліметке сүйенсек заңсыз айналымнан 10 келіден астам «мефедрон», 5 келідей сұйықтық (кристалдану процесінде), 200 литр прекурсорлар, электронды таразылар, синтетикалық есірткі өндіру нұсқаулары бар дәптер, сұйықтық құйылған канистрлер, сондай-ақ «синтетик» өндіруге арналған құрылғылар тәркіленді.
— Соттың санкциясымен 5 адам қамауға алынды, оның 2- і шетел азаматтары. Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді, — деді Жетісу облысының прокуратурасы.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!