{metadescription}
Таиландтан есірткі жеткізген күдікті 16 жылға сотталды

Таиландтан есірткі жеткізген күдікті 16 жылға сотталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы облысында аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады

Еске салсақ, Алматы облысы Іле ауданының «Қазпошта» АҚ бөлімшесіне жалпы салмағы 800 граммға жуық каннабис сығындысы (гашиш майы) есірткі заты бар пошта жөнелтілімі келіп түскен.

- Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің «Telegram» мессенджерін пайдаланып, Таиландтан есірткіге тапсырыс бергені белгілі болды.

Пошта жөнелтілімін ашу кезінде косметикалық заттар түрінде жасырылған 8 банканың ішінде есірткі заттары анықталды, - деп жазды Қаржылық мониторинг агенттігінен.

Сот үкімімен кінәлі тұлғаға 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, тәркіленген есірткі жойылды.

Жалпы, былтыр ҚМА контрабанда және есірткі құралдарының заңсыз айналымы фактілеріне қатысты 135 қылмыстық іс тіркеді.

Сонымен қатар, 77,1 кг есірткі құралдары, 3,2 кг психотроптық заттар, 206 мың анаболиктер (улы зат) және 1 700 «Тропикамид» көз тамшылары тәркіленді.

Қаржылық мониторинг агенттігі есірткі контрабандасы қатаң қылмыстық жауапкершілікті көздейтін ауыр қылмыс екенін еске салады.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде