Шахтадан 78 заңсыз кеншінің денесі табылды
Оңтүстік Африканың солтүстік-батысындағы Стилфонтейн қаласындағы қараусыз қалған шахтада жүргізілген құтқару операциясының алғашқы үш күнінде 78 заңсыз кеншінің мәйіті табылды, деп жазады Анадолы.
13:18 16.01.2025
13 қаңтарда Стилфонтей шахтасында басталған құтқару операциясының үшінші күнінде 216 кенші құтқарылды, олардың барлығы шахтада заңсыз болған, деп хабарлады Оңтүстік Африка полициясы қызметі (SAPS).
– Операция барысында 78 кеншінің мәйіті шығарылған, тірі қалған барлық кеншілер ұсталды, – делінген хабарламада.
Операция «каннибализм» айыптарынан кейін басталған. Оңтүстік Африканың адам құқығын қорғау бойынша «Тау-кен өнеркәсібінен зардап шеккен қауымдастықтарды біріктіру» (MACUA) ұйымы 3 қаңтарда Стилфонтейн шахтасында қамалған кеншілер «аштықтан көз жұмған жолдастарының денесін жеп жатыр» деген шағыммен Конституциялық сотқа жүгінген.
13 қаңтарда Оңтүстік Африка үкіметі Конституциялық соттың шешімінен кейін құтқару операциясын бастады.
Полиция 2024 жылдың қарашасында қараусыз қалған Стилфонтейн шахтасына су мен азық-түлік жеткізуді тоқтатқаннан кейін, берілуден бас тартқан жүздеген кенші аштық пен шөлден зардап шекен.
Ресми деректерге сәйкес, 15 қаңтардағы жағдай бойынша 1806 заңсыз кенші Стилфонтейн шахтасын тастап шығып кеткен. Полиция олардың көпшілігі Мозамбик азаматтары екенін айтты.
Жергілікті билік өкілдері кеншілер өз бетімен шыға алғанын, ал шахтада қалғандар – құқық қорғау органдары қамауға алмауы үшін қолданатын тактикасы екенін хабарлаған.
Оңтүстік Африкада «зама-зама» деп аталатын кеніш алмаз, алтын және платина сияқты құнды минералдарға бай. Елде 10 000-нан 30 000-ға дейін адам заңсыз кен өндірумен тікелей айналысады деген болжам бар. Тек заңсыз алтын өндірудің өзі ел экономикасына жылына орта есеппен 3,8 миллиард доллар шығын келтіреді екен.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!