Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қағуда: жаңа вирус түрі анықталды
Танзанияда Марбург вирусы өршіп тұр. Салдарынан бүгінде 8 адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: pixabay
13:07 16.01.2025
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 11 қаңтардағы жағдай бойынша елдің солтүстігіндегі Кагер аймағының екі округінде Эбола тәрізді вирустың тоғыз болжамды жағдайы тіркелгенін, оның ішінде сегізі өлімге әкелгенін мәлімдеді.
Вирустың негізгі белгілеріне: бас ауруы, жоғары температура, арқадағы ауырсыну, диарея, қан құсу және әлсіздік жатады. Ал, оның асқынған түрінде несеп жолдары арқылы кету орын алады.
ДДҰ мәлімдемесінде:
"Вирустың екі ауданда анықталуы оның таралып жатқандығын көрсетеді. Оның кеш табылуы мен оқшаулаудың кеш жүзеге асырылуы, ағымдағы ахуал жайлы толық ақпарат алуға мүмкіндік бермей отыр. Сондай-ақ, вирус өзге де аймақтарда анықталады деп күтілуде".
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!