Крещение мерекесінде мұсылмандарға суға түсуге бола ма? – Дін өкілдері жауап берді
Православ христиандарының Крещение мерекесіне мұсылмандардың қатыспағаны абзал. Ислам дінінде бұл күнәлі әрекет болып саналады.
Фото: Қамит Табарактың жеке мұрағатынан
14:12 16.01.2025
Әр жыл сайын 18-ші қаңтардан 19-ына қараған түні дүниежүзінің православ христиандары Крещение мерекесін атап өтеді. Бұл дін өкілдерінің сенімі бойынша, сол күні суға түсу арқылы адам күнәсінен тазарады. Ал ислам діні оған құрметпен қарауға шақырғанмен, имамдар мұсылмандардың бұл дәстүрге, мерекеге қатыспауын ескертті.
- Ислам дінінде біздерге Алланың елшісі Мұхамед (с.ғ.а.) бекітіп берген белгілі бір мереке күндеріміз бар. Өзге дін өкілдерінің де мерекесіне ешқандай қарсылық пен кедергі жасауымызға болмайды. Бірақ олармен бірге тойлауға рұқсат етілмейді. Өйткені пайғамбарымыз: «Кім қай қауымға ұқсаса, ол сол қауымнан», - деген. Мұсылмандар арасында қандай да бір адам сол күні суға шомылуды қасиет санаса, ол күнәлі әрекет болып саналады, - деді ҚМДБ Жетісу облысы бойынша шәриғат және пәтуа бөліміне жауапты маман Қамит Табарак.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!