Ақтөбелік полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған тұрғынды аман алып қалды
Ақтөбелік полиция қызметкеріне хат жазып, жарты сағаттан соң үйіне келуін сұраған.
Фото: gov.kz
15:14 16.01.2025
Учаскелік инспекторлар мекенжайға дереу барғанда үй иесінің асылып тұрғанын көрді. Оқиға 13 қаңтар күні болды. Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Мерген Байжанов пен Нұрхат Сәлімгереевке жергілікті тұрғын алыс жолға шыққанын, жарты сағаттан соң үйіне келуін сұраған. Полиция қызметкерлері ол тұратын мекенжайға дереу жетеді.
- Үйге жақындаған кезде үй иесінің жіпке асылып тұрғанын көрген. Жүгіріп жеткен полиция капитаны Н.Салимгереев жігітті дереу көтеріп алып, әріптесі Мерген Байжанов оның мойнындағы жіпті кесіп үлгерген. Ес-түссіз жағдайда болған тұрғынға олар алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта 31 жастағы ер адамның жағдайы қалыпты.
Ол отбасылық ұрыс-керістен соң осы қадамға барғанын айтқан.
- Күндіз ғана бұл азаматты қаладағы сауда орындарының бірінен көріп, амандасқан болатынбыз. Жол жүріп кеткені жайлы хабарламасы бірден күдік тудырып, жедел жеттік. Ең бастысы, әрине, оның амандығы,- деді учаскелік полиция инспекторы Нұрхат Сәлімгереев.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!