Алматыда масаң күйде көліктерге ұмтылған бұзақы 15 тәулікке қамалды
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұзақылық жасаған азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
Фото: Pexels
08:57 17.01.2025
Сот мәліметіне сәйкес, Н. масаң күйде сырт киімін шешіп, өтіп бара жатқан адамдарға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіпті бұзған. Сотта Н. кінәсін мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.
- Сот қаулысымен Н. ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды, - деп хабарлады Алматы сотынан.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!