{metadescription}
Атырау облысындағы ағысы жоқ судан 3 күнде 4,5 млн шабақ құтқарылды

Атырау облысындағы ағысы жоқ судан 3 күнде 4,5 млн шабақ құтқарылды

Атырау облысындағы былтырғы тасқын кезінде бөлініп қалған судан шабақ құтқару шарасы жалғасып жатыр. Соңғы 3 күнде 4,5 млн шабақ құтқарылып, Жайық өзеніне жіберілді.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мәліметіне қарағанда, Махамбет ауданының Есмахан ауылы тұсындағы судан шабақ құтқаруға 40 адам, 7 техника тартылған.

– Былтырғы тасқын кезінде жайылмаға шыққан суда сазан, мөңке секілді балықтардың шабағына қырылу қаупі төнді. Сол себептен 14 қаңтардан бері шабақтарды құтқару жұмысы күн сайын жүргізілді. Мәселен, 16 қаңтарда ағысы жоқ судан арнайы тормен 2 млн 570 мың шабақ құтқарылды. Шабақтар арнайы ыдысқа салынып, автокөлікпен Жайық өзеніне тасымалданды. Құтқарылған шабақтардың салмағы – 5 см. Соңғы 3 күн -14-16 қаңтарда құтқарылған шабақтардың саны 4 млн 575 мың данаға жетті, -деп хабарлады аталған инспекциядан.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің дерегіне қарағанда, шабақтарды құтқару жалғаса береді.

– Соңғы күндері ауа-райы күрт өзгеріп, салқындай бастады. Ал жайылмаға шығып, Жайық өзеніне, не өзге каналдарға қайта қосылмаған суда мұз қатып, оттегі азаюы мүмкін. Сондықтан осындай судан шабақтарды құтқару мәселесін бақылауға алдық. Мақсатымыз – балық шабақтарының қырылуына жол бермеу, -деп мәлім етті Марат Мурзиев.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде