Семейде су құбыры жарылып, бірнеше көпқабатты тұрғын үй сусыз қалды
Қарағайлы шағын ауданындағы су құбырындағы апатқа байланысты беске жуық көппәтерлі тұрғын үй сусыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: pexels
10:54 17.01.2025
Қала әкімдігінің ақпаратынша, 2025 жылы 16 қаңтар сағат 23:22-де Қарағайлы, 44 мекенжайындағы тұрғындардан су құбырының жарылғаны және салдарынан ауыз судың өшірілгені туралы ақпарат келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, авария диаметрі 300 мм су құбырында орын алған.
Оқиға орнына "Семей Водоканал" МКК кезекші топ авариялық жағдайдың себептерін анықтап, салдарын жою үшін жедел түрде жетті. Сондай-ақ Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов дереу оқиға орнына барып, авариялық жағдайды жою жұмыстарын жеке бақылауына алды.
"2025 жылы 17 қаңтар сағат 01:00-де бірнеше нысанда су беру қалпына келтірілді. Қазір 5 көпқабатты тұрғын үйге (346 абонент) су қосылмады. Аварияны жоюға 2 техника бірлігі және 5 қызметкер жұмылдырылды",- делінген ақпаратта.
Әкімдік қалпына келтіру жұмыстары жалғасатындығын атап өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!