{metadescription}
Абай облысы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Абай облысы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып Ануар Бейсенов тағайындалды.

Ануар Талғатұлы 1994 жылдың 29 қазанында Астана қаласында дүниеге келген. 2016 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша аяқтады. 

Еңбек жолын 2015 жылы Астана қаласының жер қатынастары және жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасының оқушы жастар үшін сабақтан бос уақытта қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін есепке алу технигі болып бастады. Онда 2017 жылдың маусымына дей3н жұмыс істеді. 2017-2020 жылдары аралығында Қостанай қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің қызметкері, бас маманы лауазымдарын атқарды. 

2020 жылдың наурызы мен қыркүйегі аралығында Қостанай облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының егіншілік және прогрессивті технологиялар бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

2020 жылдың қазанынан 2022 жылдың ақпаны аралығында Қостанай облысы жерді пайдалану мен қорғауды бақылау басқармасының жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы және басшысы лауазымдарын атқарды.

2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылғы қараша айлары аралығында облыстық жерді пайдалану мониторингі және жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жетілдіру басқармасының бас сарапшысы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.

2024 жылдың мамыр айынан осы уақытқа дейін Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде