{metadescription}
Алматыда 1 ақпанан бастап суық су мен кәріздің тарифі өзгереді

Алматыда 1 ақпанан бастап суық су мен кәріздің тарифі өзгереді

Алматыда 2025-2029 жылдарға арналған сумен жабдықтауға және су бұруға арналған жаңа тарифтер бекітілді.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысынад Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Әсел Бөденеева айтты. Спикердің сөзінше, 2025 жылдың 1 ақпаннан бастап 2020-2024 жылдарға арналған бұрын бекітілген тарифтердің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты сумен жабдықтауға және су бұруға жаңа тарифтер енгізіледі.

Сонымен, сумен жабдықтаудың орташа тарифі бір текше метрі үшін 135,24 теңге, су бұрудың бір текше метрі - 83,54 теңге болады.

Алматыда тұратын тұтынушылар үшін орташа түбіртек:

- суық сумен жабдықтау бойынша 32 шаршы метр алаңы бар 1 бөлмелі пәтер 156 теңгеге және кәріз үшін 139 теңгеге (295 теңге) артық;

- тұрғын алаңы 48 шаршы метр 2 бөлмелі пәтер суық сумен жабдықтау бойынша 234 теңгеге және кәріз үшін 208 теңгеге (450 теңге) артық;

- Тұрғын алаңы 88 шаршы метр 3 бөлмелі пәтер суық сумен жабдықтау бойынша 312 теңгеге және кәріз үшін 278 теңгеге (600 теңге) артық.

Әсел Бөденееваның айтуынша, осы инвестициялық бағдарламаларды іске асыру су құбыры және кәріз желілерінің тозуын және апаттық жағдайлар санын жыл сайын төмендетуге және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ететін болады.

«Жаңа тарифтермен қатар, ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетімен бірлесіп, сумен жабдықтау және су бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жаңа бес жылдық кезеңге арналған инвестициялық бағдарламалар да бекітілді»,– деп атап өтті Әсел Бөденеева.

Бағдарлама аясында 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап жеке тұлғалар үшін суды «тұтынудың әлеуметтік нормалары» енгізілді.

«Неғұрлым көп үнемдесеңіз, соғұрлым аз төлейсіз» қағидаты бойынша тарифтер тұтыну көлеміне байланысты өзгеріп отырады:

- 1 адамға айына 3 текшке метрге дейін - 91,96 теңге;

- 3 текше метрден 5 текше метрге дейін 1 адамға - 110,36 теңге;

- 5 текше метрден 10 текше метрге дейін - 137,94 теңге;

- айына 10 текше метрден жоғары және суды есептейтін жеке аспаптары жоқ жеке тұлғалар - 183,92 теңге төлейді.

Алынған қаражат ресурс үнемдеуші технологияларды енгізуге, жабдықтарды жаңғыртуға және желілерді жөндеуге бағытталады.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде