{metadescription}
Риддерде әйел есірткі тарату үшін баланы қасына ертіп жүрген

Риддерде әйел есірткі тарату үшін баланы қасына ертіп жүрген

Риддер қаласында есірткі тарату үшін баланы қолданған әйел ұсталып, қылмыстық іс қозғалды.

Белгілі болғандай, 34 жастағы әйел Риддер қаласына өткен жылдың желтоқсан айында кәмелетке толмаған баламен бірге басқа облыстан келген. Ол өзгелерге баламен көшеде жүрген әйел болып көрініп, есірткі таратумен айналысты. 

- Күдікті есірткіні алдын ала ойластырылған схема бойынша тасымалдаған. Жетекшілері оған есірткіні қайдан алып, қайда қойып кетіп отыру қажеттігін айтқан. Бұл көбінесе қоғамдық жерлер немесе қаланың адамдар аз жүретін, иесіз қалған аудандары болды, - деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен. 

Жедел-іздестіру шаралары барысында әйел адам ұсталды. Жеке тінту жүргізу кезінде полицейлер ұнтақ тәрізді зат салынып, изолентамен оралған 80 ораманы тәркілеген. 

- Сараптама нәтижесі бойынша тәркіленген зат аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі екені анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберілді, - делінген ақпаратта. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде