{metadescription}
Алматы облысында тұрғынның 69 млн теңгесін алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

Алматы облысында тұрғынның 69 млн теңгесін алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

Алматы облысының полицейлері ірі көлемдегі алаяқтық қылмысты ашты.

51 жастағы күдікті отандасының сеніміне кіріп, бизнесті сату сылтауымен 69 миллион теңгені иемденген. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жәбірленуші мен күдікті көршілес елдің азаматтары. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің қылмысы дәлелденіп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер қылмыстың барлық мән-жайын анықтап, күдіктінің басқа да алаяқтық істерге қатысы бар-жоғын тексеруде. Тергеу жұмыстары жалғасуда. Азаматтарды ірі мәмілелер жасауда сақ болуды және серіктестер туралы ақпаратты мұқият тексеруді ескертеміз.

Дереккөз: zakon.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде