{metadescription}
Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,41 теңгеге қымбаттады. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 530,12 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 531,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 532,5 теңге. Еуро 545 — 549 теңге аралығында құбылып тұр. 

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 531 теңге, сатып алу құны — 533 теңге. Еуро 545 теңгеден сатылып, 548 теңгеден сатып алынады. 

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,10 - 5,17 аралығында саудаланып жатыр. 

Ұлттық банктің 17 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 529,65 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,16 теңге. Еуро — 544,64. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде