{metadescription}
Мыңдаған алматылық газсыз қалды: кінәлілер жауапқа тартылады

Мыңдаған алматылық газсыз қалды: кінәлілер жауапқа тартылады

Алматының Түрксіб ауданында зақымданған газ құбыры қалпына келтірілді.

Алматы әкімдігінен мәлім еткендей,Түрксіб ауданындағы кәріз құбырларын өз бетінше төсеу барысында бүлінген орташа қысымды жерасты газ құбыры коммуналдық қызметтің жедел іс-қимылының арқасында қалпына келтірілді.

– «У Асимы» мекемесіне кәріз құбырларын өз бетінше тарту барысында зақымданған. Жеке тұлғалар қалалық қызметтердің келісімінсіз түнде асфальтты ойып, газ құбырын зақымдаған. Салдарынан бірнеше қазандықтың жұмысы тоқтатылды», - деп атап өтті әкімдіктен.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның 150 жұмысшысы мен 6 техника жұмылдырылды. Тұтынушылардың бір бөлігін үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мақсатында «АТКЭ» ЖШС-нің «Әуежай» қазандығы мәжбүрлі түрде резервтік отын – мазутқа ауыстырылды.

– «Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша газ құбырындағы ақау жойылды. Мамандар жүйеге қысым сынағын жүргізеді, содан кейін тұтынушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әрбір үйге барып, газды кезең-кезеңімен қосу жұмыстарын жүргізеді. Тұрғындарды қауіпсіздік техникасын сақтауға және газды өздігінен қоспауға шақырамыз», - делінген хабарламада.

Алматының қала құрылысы бақылау басқармасы бұл факт бойынша жоспардан тыс тексеру жұмыстарын бастады. Соның нәтижесінде әкімшілік шаралар қабылданып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріледі.

Сонымен қатар бұзушылық салдарын жоюға кеткен барлық шығын кінәлі тұлғаға жүктеледі.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде