Полиция Алматыда бұзақылықтың жиі тіркелетін уақыттары мен орындарын айтты
Өткен жылы Алматы полициясы бұзақылықтың 170 дерегін "ізін суытпай" ашты.
Фото: Zakon.kz
17:33 17.01.2025
Сараптамаға сәйкес олар көбінесе қоғамдық орындарда жасалады. Бұзақылық және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында шаһарда қоғамдық орындарда және ойын-сауық орындарында жедел-профилактикалық іс-шаралар, рейдтер ұдайы жүргізілуде, әсіресе мереке және демалыс күндері жаяу және патрульдік жасақтар қызметі күшейтілген.
Полиция қызметкерлерімен бірге Ұлттық ұланның 600-ден астам әскери қызметкері қаладағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсене қатысуда. Өткен жылы Алматы полициясы құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою шараларын қолдану туралы 441 ұйғарым шығарған. 161 кәсіпкерлік субъектісі мен 158 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Дереккөз: zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!