Прокуратура міндетті зейнетақы жарналарын аудармайтындарға ескерту жасады
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының прокуратурасы талдау аясында міндетті зейнетақы жарналары аудармау фактісін анықтады.
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
08:06 18.01.2025
Батыс Қазақстаноблыстық прокуратураы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2024 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында «Коммунал» мемлекеттік кәсіпорыны 28 қызметкерге 3 миллионнан астам зейнетақы жарналарын төлемегені анықталды.
Аталған факт бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
- Оның нәтижелері бойынша «Коммунал» мемлекеттік кәсіпорыны Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 91-бабының 6-бөлігінің 5) тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудармауы, уақтылы және (немесе) толық есептемеуi, ұстап қалмауы (есепке жазбауы) және (немесе) төлемеуi (аудармауы)), қарыз толығымен өтелді, - делінген хабарламада.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!