{metadescription}
Алматы облысының тұрғыны ірі көлемдегі героинмен ұсталды

Алматы облысының тұрғыны ірі көлемдегі героинмен ұсталды

Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласының 52 жастағы ер адам есірткі сақтады деген күдікке ілінді.

– Тінту барысында күдіктіден «Тропикамид» препараты мен үй ауласындағы қора-жайдан ақ түсті ұнтақ зат табылды. Сараптама нәтижесі тәркіленген зат 156 грамм «героин» екенін растады. Оның қара нарықтағы құны жеті миллион теңгеден асады, – деп хабарлады полициядан.
Сонымен қатар медициналық тексеру күдіктінің ұстау кезінде есірткі қолданғанын анықтады. 

– Қазір есірткі заттарын заңсыз сату фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде