{metadescription}
Атырауда мас жүргізші әуелі қоғамдық көлікті соғып, кейін жаяу жүргіншіні қаққан

Атырауда мас жүргізші әуелі қоғамдық көлікті соғып, кейін жаяу жүргіншіні қаққан

Атырауда мас жүгізуші алдымен қоғамдық көлікті соққан.

Сонан соң жаяу жүгінші қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының рота командирі Аман Әділбаевтың айтуына қарағанда, оқиға кеше, 17 қаңтарда болған. 

– Атырау қаласының С.Датов көшесінде орналасқан С.Бейбарыс мешіті тұсында сағат 14:40 шамасында ВАЗ – 2111 көлігінің жүргізушісі жолаушыларды тасымалдап жүрген Yutong қоғамдық көлікті соққан. Кейін жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқан 25 жастағы жігіт қаққан. Бірақ жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Полиция қызметкрелері жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушіні С.Бейбарыс және И.Тайманов көшелерінің қиылысында ұстады, -деп хабарлады Аман Әділбаев.

Оның айтуынша, ұсталған жүргізуші медициналық сараптама жіберілген. Сараптама қорытындысымен 38 жастағы жүргізушінің орта дәрежелі мас екені анықталған. 

– Мас жүргізушінің көлігі арнайы тұраққа қойылды. Ал жүргізушіге қатысты іс құжаттары жинақталып жатыр. Жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтап, көлікті мас күйде айдамауды ескертеміз, -деп мәлім етті Аман Әділбаев.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде