Қаскелеңнен Алматыға апарар жол сегіз жолақты болады
Қаскелеңнен Алматыға апаратын жол 8 жолаққа дейін кеңейтіліп, бес арнайы көлік эстакадасы салынады. Бұл туралы Алматыға жұмыс сапары аясында барған Көлік министрі Марат Қарабаев айтты.
Фото: Көлік министрлігі
10:46 19.01.2025
Жұмыс Мемлекет басшысының Алматы агломерациясын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізіледі. Құрылыс екі кезеңде жүргізілмек.
Бірінші кезең аясында ҮАААЖ-нан (Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы) Қаскелең өткеліне дейінгі учаске қамтылса, екінші кезеңде Қаскелең өткелінен Әйтей ауылына бұрылысқа дейінгі учаске қамтылмақ. Жобалау жұмыстары басталды.
Аталған шара көлік қатынасын жақсартуға және жол жүру уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді деп жоспарланған. Сөз етілген учаскедегі өткізу қабілеті тәулігіне 60 мыңнан 90 мың көліккк дейін ұлғаяды. Жолдың кеңеюі кептелістің төмендеуіне әкеледі деп жоспарланып отыр.
Автокөлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мамандар 12 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін салады.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!