Алматыдан 364 шақырым аумақта жер сілкінді
Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан.
Фото: freepik.com
18:08 19.01.2025
– «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «ҰБТКМ» АҚ сейсмикалық стансалар желісі 19 қаңтарда Астана уақытымен сағат 11:30-да жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлады Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының баспасөз қызметі.
Жер сілкінісінің координаттары: 41.202 ш. б. 80.387 с.е.
Орталықтың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 364 шақырым жерде орналасқан және сезілген жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!