Бүгін Қазақстанның барлық аймағында жел күшейіп, бұрқасын соғады
Қазгидромет 19 қаңтарда ел аумағында болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ видеосынан алынған скрин
08:15 20.01.2025
Ақпаратқа қарағанда, солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ҚР аумағында қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашынның түсуіне, солтүстік-батыс, солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде қардың түсуіне себеп болады.
- Республика бойынша желдің жаяу бұрқасынмен күшеюі, тұман мен көктайғақ күтілуде, - делінген синоптиктер болжамында.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде қалың қар түседі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!