Павлодардағы дүкенде арандатушылық жасаған әйел жауапқа тартылып, ісі сотқа жіберілді
Полиция дүкенге «Орыс тілінде ғана қызмет көрсетеміз!» деген жазуы бар парақтарды жапсырып, бейнежазбаға түсіріп алған әйелдің жеке басын анықтады. Оған қатысты іс қозғалды.
Фото: freepik.com
08:45 20.01.2025
«Лакомка» дүкенінде ұлтаралық алауыздық тудыратын сөздер жазылған парақша жапсырып, оны телефон камерасына түсірткен әйел адамның ісін полиция бұзақылық деп таныды.
- Аталған факті бойынша облыс орталығының тұрғыны анықталды, ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылады. Материал жиналып, шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, - деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Полиция бұған қоса әлгі видеода әйелді телефон камерасына түсіріп тұрған ер адамның арандатушымен ешқандай таныстығы жоқ екенін анықтаған. Арандатушы әйел оны дүкен алдында кездестіріп, камераға түсіріп жіберуді сұраған. Ойында ештеңе жоқ отағасы әйелдің ұсынған ұялы телефонын қолына алып, түсіре берген. Полиция онымен түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!