{metadescription}
Алматыда жол апатынан 39 жастағы әйел мерт болды

Алматыда жол апатынан 39 жастағы әйел мерт болды

Алматыда адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше таңғы сағат 05:30–да Бостандық ауданында болған. «Тойота» маркалы көліктің 20 жастағы жүргізушісі әл-Фараби даңғылының бойымен батыс бағытта келе жатып, Қаратаев көшесінің қиылысында көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан жолдың солтүстік жиегіндегі тротуарға шығып, 39 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Сондай-ақ көлік жарнама тақтасының тірегіне соғылып, аударылған.

— Өкінішке қарай жол апаты салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Көлік жүргізушісі мен оның жолаушысы қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды. Кісі өліміне әкеліп соққан жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде