{metadescription}
Туысы пышақтап тастаған астаналық ағайындылардың жағдайы белгілі болды

Туысы пышақтап тастаған астаналық ағайындылардың жағдайы белгілі болды

Елордада жас жігіт 4 адамды пышақтаған. Оның біреуі оқиға орнында мерт болды, қалған үшеуі қазір ауруханада жатыр. 

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем жарақат алған жандарды № 1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізді.

— Тексеру нәтижесінде 1964 жылғы әйелдің денесінің әртүрлі бөліктерінде бірнеше жерден тесілген жаралар анықталды, сонымен қатар сол жақтағы қабырға сынған. Ауруханаға ауыр жағдайда жатқызылды және операция жасалды, қазір пациент қарқынды терапия бөлмесінде жатыр. Сондай-ақ 1974 жылы туған әйелдің денесі пышақпен әртүрлі жерден тесілген, денесі көгерген, сол сияқты бас жарақатын алған және оң жақ қабырғасы сынған. Жалпы жағдайы орташа, тұрақты, - делінген хабарламада.

Одан бөлек, 18 жастағы қыз зардап шеккен. Елордалық дәрігерлер оның да бірнеше жерден пышақ жарақатын алғанын айтып отыр, қазір пациент ауруханада хирургия бөліміне жатыр.

— Жалпы жағдайы орташа, тұрақты, - дейді денсаулық сақтау басқармадан.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде