{metadescription}
Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жаңа басшы келді

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жаңа басшы келді

Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып Төлеу Мұхтар тағайындалды. Бұған дейін ол осы басқармада басшының орынбасары болып жұмыс істеген.

Кадрлық өзгерістер туралы аппарат отырысында облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев хабарлады.
Төлеу Мұхтар - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Мемлекеттік қызметте сегіз жылдан астам еңбек етіп келеді.

Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасында бас маман болып жұмыс істеді. Қарағанды облысы Дін істері басқармасының Конфессияаралық қатынастар проблемаларын талдау және зерттеу орталығын басқарды. 2018 жылдан бастап Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында жұмыс істеп келеді, 2019 жылдан бастап басшының орынбасары қызметін атқарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде