{metadescription}
Өртке байланысты 200 мыңға жуық адамға қауіп төніп тұр

Өртке байланысты 200 мыңға жуық адамға қауіп төніп тұр

Лос-Анджелес округінде жалғасып жатқан өрт жалынның жаңа аудандарға таралу қаупін төндіріп отыр, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Онда 200 мыңға жуық адамға эвакуациялану қаупі төніп тұр. Қазіргі кезде Итондағы жалын 14 117 акр (5 713 га) аумақты қамтып отыр, 73%-ы сөндірілды, ал Палисейлстегі өрт 23 713 акр (9 596 га) аумақты қамтыды және 52%-ы сөндірілді. Пасадинде жалын 14 мың акр (5 665 га) астам аумақты өртеп жіберді және 81%-ы ауыздықталды, деп хабарлайды ABC News.

Калифорния губернаторы Гэвин Ньюом жексенбіде өртпен күресу үшін қосымша ресурстар жұмылдыратынын жариялады. Атап айтқанда, штат билігі Оңтүстік Калифорнияда 170-тен астам өрт сөндіру, су таситын көліктер мен ұшақтарды жұмылдырады. 

Жағдайды жағада 70 миль (112 км/сағ) және Лос-Анджелес пен Вентура округтерінің тау етегінде 100 миль (160 км/сағ) дейін жетуі мүмкін желдің күшті екпіні қиындатып отыр. 

Жалынның Лос-Анджелес округінің Санта-Кларита, Сими-Вэлли, Таузенд-Оукс және Бербанк қалаларына таралу қаупі бар. Биліктің бірінші талабы бойынша 172 мыңға жуық адам эвакуациялануға дайын.

Лос-Анджелес аймағындағы өрт биылғы жылдың 7 қаңтарында басталып, 27 адамның өмірін қиды. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде