Биыл Алматыда метроның жаңа станциялары ашыла ма
Биыл жаңа метро станцияларын пайдалануға беру жоспарда жоқ. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Асан Бостанов айтты.
Фото: newauto.kz
12:37 20.01.2025
Kazinform агенттігінің ресми сауалына жауап берген басқарма өкілінің айтуынша, бас жоспарды жүзеге асыру аясында биыл көлік желісінің негізгі учаскелерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жоспарланған.
– Осы жылы жаңа метро станцияларын пайдалануға беру жоспарда жоқ. Биыл Райымбек даңғылы бойынша BRT-ның бірінші учаскесін салуды бастаймыз. Құрылыс Желтоқсан көшесі бойынша Тимирязев көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аралықты қамтитын болады. Желтоқсан көшесінің бойындағы қолданыстағы тармақтан Райымбек даңғылына дейін 4,6 шақырым, сондай-ақ Райымбек даңғылы бойындағы Алтын Орда көшесінен Пушкин көшесіне дейін ұзындығы 17 шақырым жол салынады, - деді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!