Жүргізушілер бірін-бірі басып озуға тырысқан — Ақмоладағы 95 автокөлік апатының себебі айтылды
ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Аслан Уәкішев Ақмола облысындағы 95 автокөліктің соқтығысу себебін айтты. Оның айтуынша, қазір тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Фото: Әлеуметтік желіден алынды
13:20 20.01.2025
− Боранды күндері Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері колоннаны алып жүрді, алайда сол жерде бір-бірін басып озуға тырысқан жауапсыз жүргізушілер болған. Барлығы осыдан туындаған болуы мүмкін. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары әлі жалғасуда, — деді А. Уәкішев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Спикер Төтенше жағдайлар министрлігінің құзыретіне жәбірленушілерді құтқару және эвакуациялау кіретінін еске салды.
− Біздің бөлімшелер үйлесімді жұмыс атқарып, мүмкіндігінше барлық адамды құтқарып, эвакуациялап, жылыну пункттеріне жеткізді. Жолаушыларға жылыну пункттерінен Астанаға және басқа да бағыттарға жету қажет болды, біз оларды пойыздарға мінгіздік, — деді А. Уәкішев.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!