Атыраудағы жеке балабақшада баланы тепкен тәрбиеші жұмыстан шығарылды
Атырау қаласындағы жеке иеліктегі балабақшада әйел кішкентай баланы баланы тепкен.
Фото: pixabay
13:05 20.01.2025
Тәрбиешінің бұл әрекеті видеоға түсіп қалған соң жұмыстан шығарылған. Әлеуметтік желіде тараған видео авторы оқиғаның «Зейнеп-Амина» жекеменшік балабақшасында болғаны жөнінде жазба қалдырды. Видеода әйелдің кішкентай ұлды тепкені түсіп қалған.
– Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған соң пікір білдіре алмаймыз. Жеке иеліктегі балабақшаға лицензияны білім бақылау департаменті Атырау облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті береді, - деп мәлім етті облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!