{metadescription}
Құтқарушылар жеке көлікті қар құрсауынан шығаруға міндетті емес – ҚР ТЖМ

Құтқарушылар жеке көлікті қар құрсауынан шығаруға міндетті емес – ҚР ТЖМ

ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаменті бастығының орынбасары Аслан Уәкішев қар құрсауынан адамдарды құтқару кезінде қандай қиындықтар туындайтынын айтып берді.

Оның айтуынша, кей жүргізушілер орындарынан қозғалмай, құтқарушылардан көліктерін қар үйіндісінен шығарып беруін сұрайды. 

– Олар ешқайда кеткілері келмей, техниканы толық шығарып, оны қажетті жерге жеткізіп беруімізді талап етеді. Егер біз әр көлікпен жеке айналысатын болсақ, шынымен қауіпті жағдайдағы адамдарды құтқаруға уақытымыз жетпей қалады, – деп түсіндірді спикер Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

ТЖМ өкілі құтқарушылардың міндеті – қатер төнген адамдарды эвакуациялау және оларға көмек көрсету екенін еске салды. Ал көліктерді қар үйіндісінен шығару олардың міндетіне кірмейді. 

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде