{metadescription}
Ақтөбе облыстық жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс басқармасы басшысы тағайындалды

Ақтөбе облыстық жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс басқармасы басшысы тағайындалды

Ақтөбе облыстық жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасына Теміржан Бөлтеев тағайындалды. Ол бұған дейін коммуналдық мекемеде басшы болған.

Ақтөбеде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімімен Жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының басшысы қызметіне Теміржан Бөлтеев тағайындалды. Ол 1963 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1989 жылы Қарағанды педагогикалық институтын «Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі», 2007 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Заңтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Ақтөбе облысы әкіміні баспасөз қызметінің хабарлауынша, еңбек жолын 1980 жылы Байғанин орта кәсіптік-техникалық училищесінің тракторисі болып бастаған. 1981–1984 жылдары «Актюбсельстрой» кәсіпорнында жұмысшы, «Сельхозэнерго» кәсіпорнында электромонтер болды. Ал 1989–1999 жылдары Жаңажол орта мектебінде алғашқы әскери даярлық жетекшісі, Байғанин аудандық кәсіптік-техникалық училищесінің әскеридаярлық оқытушысы, Байғанин аудандық әскери комиссардың орынбасары, әскери комиссары болып жұмыс істеген. 

— 1999–2015 жылдары Мұғалжар ауданының әскери комиссары, Ақтөбе қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы, 30217 әскери бөлімінің штаб бастығы — бригада командирінің бірінші орынбасары, Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері штаб бастығының орынбасары — штабтың ұйымдастыру — жұмылдыру басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 2020–2024 жылдары Ақтөбе облысы әкімі аппаратының «Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, 2024 жылдың тамыз айынан бастап Ақтөбе облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының «Жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарып келді, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкіміні баспасөз қызметі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде