Қарулы қақтығыста 80 адам қаза тапты
Норте-де-Сантандер департаментінде Ұлттық азат ету армиясы (ELN) мен Колумбияның революциялық қарулы күштерінің (FARC) бұрынғы мүшелері арасындағы шайқаста 80 адам қаза тапты, деп хабарлады Анадолы.
Фото: pixabay
17:10 20.01.2025
Норте-де-Сантандер губернаторы Уильям Вилямизар журналистерге жағдайдың өте қайғылы күйде екенін мәлімдеген.
– 80-нен астам қаза тауып, 20-дан астам адам жараланды. Қақтығыс болған жерде бейбіт тұрғындар да болды, – деді ол.
Губернатор тез арада гуманитарлық дәліз құруға және әуеден қолдау көрсетуге шақырған. Себебі, тұрғындар өз үйлерінде қамалып отыр. Елді мекендер арасында жаппай көшу әрекеті басталған. Вильямизардың айтуынша, 10 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Көптеген отбасылар, соның ішінде балалар мен жастар, кез келген мүмкіндікті пайдаланып, қақтығыс аймағынан қашып жатыр.
Қауіпсіздікке байланысты 20 қаңтардан бастап Кататумбо аймағындағы барлық мектептер жабылады. Президент Густаво Петр қақтығыс аймағына барып, жергілікті шенеуніктермен және жоғары лауазымды әскери шенеуніктермен кездесті. Ол әскерлерге жедел түрде қоғамдық қауіпсіздікті қалпына келтіруді тапсырды.
ELN мен FARC-тың бұрынғы мүшелері арасындағы қақтығыс 16 қаңтарда кокаин плантациялары мен есірткі контрабандасының жолдарын бақылауға байланысты басталған.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!