{metadescription}
Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді

Бүгін, 20 қаңтарда сағат 08:22-де Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді.

Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады. Ақтау уақыты бойынша сағат 08:22-де тіркелген жерасты дүмпулерінің күші 3,1 балға жеткені хабарланды.

Жер сілкінісінің ошағы 16 шақырым тереңдікте жатыр. Айта кетейік, Каспий теңізінде соңғы рет жер сілкінісі 2024 жылдың 31 желтоқсанында тіркелген болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде