{metadescription}
Оралда 14 жастағы баланы ұрған сатушыға жаза кесілді

Оралда 14 жастағы баланы ұрған сатушыға жаза кесілді

Орал қалалық сотында 14 жастағы баланы ұрған сатушы әйелге қатысты үкім шықты.

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға өткен жылғы 2 қарашада Ю. деген сатушының жұмыс орнында болған. 

А. деген жасөспірім бутиктің шыны витринасына сүйеніп тұрған. Сатушының: «Шыны витринаға сүйенуге болмайды» деген ескертуіне құлақ аспаған бала балағат сөздер айтқан. Ақыры екеуінің арасында жанжал туындап, сотталушы жәбірленушінің оң жақ беті мен қолынан ұрған. Осыған байланысты бала денесін ауырсынып, моральдық зардап шеккен.

- Сотталушы өз кінәсін мойындады. Жәбірленушінің заңды өкілі оған қатаң жаза беруді сұрады. Сот ҚР ҚК 109-1-бабы 2-бөлігі 8-тармағына сәйкес Ю-ды кінәлі деп танып, оған 100 АЕК көлемінде, яғни 369,2 мың теңге айыппұл салынды. Үкім заңды күшіне енді, - деп хабарлады ведомстводан.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде