{metadescription}
Павлодарда жол-көлік апатынан екі адам қаза тапты

Павлодарда жол-көлік апатынан екі адам қаза тапты

Павлодар-Қызылорда автожолында жеңіл машина мен жүк көлігі соғылды. Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмған.

Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

- 20 қаңтар күні «Павлодар-Қызылорда» автожолының 1233 шақырымында Hyundai Accent және Камаз көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан Hyundai Accent жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жарақат алған тағы бір жолаушы ауруханаға жатқызылды. Жол-көлік оқиғасындағы адам өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды,-деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Полиция департаменті мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысы қатысушыларына жылдамдық режимін сақтау қажеттігін ескертеді. Әсіресе, көлік көп жүретін жерлерде көлік құралын барынша сақтықпен басқару, көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде