Алматыда қажылыққа қатысты алаяқтықтың беті ашылды
Бұл қылмысты жасады деген күдікпен Алматы облысының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
10:24 21.01.2025
Ол өзін туристік фирманың басшысы ретінде таныстырып, умраға қажылыққа жөнелту бойынша қызмет көрсететін жалған келісімшарттар жасаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктіге кемінде төрт адам көмектескен.Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға берілетін болады. Күдікті қамауға алынды.
Полицияға 33 адам ресми арызбен жүгінді. Қылмыстық іс алаяқтық дерегі бойынша тергелуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!