{metadescription}
Конституциялық Сот бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі туралы нормаға түсіндірме берді

Конституциялық Сот бейбіт жиналыстарды өткізу тәртібі туралы нормаға түсіндірме берді

Конституциялық Сот «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабы 1-тармағы 1-бөлігі 2) мен 3) тармақшаларының және 14-бабы 1-тармағы 10) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексерді. 

Өтініштің мәні:

Астана қаласының әкімдігі өтініш субъектісіне көрсетілген кезеңде бұрын келісілген іс-шаралардың өткізілуіне байланысты бейбіт жиналысты ұйымдастырудан бас тартқан.

Өтініш берушінің пікірінше, заңның аталған ережелері жергілікті атқарушы органдарға бейбіт жиналыс ұйымдастырушыға өткізу орнын және уақытын өзгерту туралы алдын ала балама ұсыныс жібермей, оны өткізуден өз бетінше бас тартуға мүмкіндік береді, бұл бас тартудың мөлшерлестігі және оның ықтимал қатер дәрежесі мәселесін шешпейді.

Конституциялық Соттың қорытындысы:

Конституциялық Сот тексеру қорытындысы бойынша Заңның 11-бабы 1-тармағы бірінші бөлігі 2) мен 3) тармақшаларын Конституцияға сәйкес деп таныды.

Конституциялық Сот өз шешімінде бейбіт жиналыстарға құқық абсолютті болып табылмайды және Конституцияда көрсетілгендей заңды түрде шартталуы мүмкін екенін көрсетті. Жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырылатын мамандандырылған орындардың жұмыспен қамтылуы туралы ақпарат азаматтарға кем дегенде жоспарланған іс-шаралар, олардың өткізілетін орны мен күні, олардың басталу және аяқталу уақыты, қатысушылардың болжамды саны туралы нақты түсіндірме беруге тиіс.

Сонымен қатар Заңның 14-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына қатысты Конституциялық Сот жергілікті атқарушы органның бас тарту туралы шешім қабылданғанға дейін бейбіт жиналыстың орнын және (немесе) уақытын өзгерту туралы ұсыныс енгізуі міндетті болып табылатын нақтылаушы түсініктеме берді.

Дереккөз: kazinform 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде