{metadescription}
Бүйрегін 9 млн теңгеге сатпақ болған атыраулық жазасын бостандықта жүріп өтейді

Бүйрегін 9 млн теңгеге сатпақ болған атыраулық жазасын бостандықта жүріп өтейді

Атырау қаласының 27 жастағы тұрғыны бүйрегін сатпақ болғаны үшін сотталды.

Ол жазасын бостандықта жүріп өтейді. №2 Ақтөбе қалалық сотында Атырау облысының тумасы Ерболат Орынбасаровқа қатысты істің үкімі шықты.

- Ерболат Орынбасаров Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3 бөлігі, 116 бабының 1 бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Қылмыстық кодекстің 63 бабына сай тағайындалған жаза шартты деп саналсын, - деді судья Ақмарал Алиева.

Сонымен бірге пробациялық бақылау аяқталғанша тұрғылықты жерін өзгертпеуі тиіс. Ал егер өзгерте қалса, пробация қызметіне хабарлайды. Жыл ішінде ойын-сауық орындарына, мейрамханаларға, дәмханаларға бара алмайды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде