{metadescription}
Әскердегі тәртіп бұзушылықтың 70-80% бейнебақылау камерасының көмегімен анықталады

Әскердегі тәртіп бұзушылықтың 70-80% бейнебақылау камерасының көмегімен анықталады

Еліміздегі әскери бөлімдерде бейнебақылау камералары орнатылған, бірақ саны жағынан әлі жеткіліксіз. Бұл туралы ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-майор Қуанышбек Үштаев айтып берді.

- Қазір әскери бөлімдерде бейнебақылау камералары орнатылған. Олар жеке құрамның жатын жайларында, кезекшілер отыратын жерде, қару-жарақ қоймаларында және жеке құрам көп шоғырланатын жерлерде қойылған. Әрине, бейнебақылау камераларының саны жеткіліксіз. Бұл бағытта бөлім командирлері тиісті жұмысты істеп жатыр. Әскери бөлімдердегі бейнебақылау камераларының көмегі арқылы құқық бұзушылықтың 70-80% анықталады, - деді Қуаныш Үштаев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, сарбаздар жүретін барлық жерде бейнебақылау камерасын орнату мүмкін емес.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.