{metadescription}
Қазақстанда жаңа мобильді оператор пайда болуы мүмкін

Қазақстанда жаңа мобильді оператор пайда болуы мүмкін

Елдегі байланыс операторларының қызмет сапасы мен тариф деңгейі тұрғындардың көңілінен шықпаса, жаңа мобильді оператор іске қосылуы мүмкін. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Үкіметтегі брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, министрлік Tele2 мен Altel компанияларын Қатар инвесторына сату мәмілесіне үлкен үміт артып отыр, себебі бұл байланыс операторлары арасындағы бәсекені күшейтеді.

– Бізде біраз уақыт бойы мобильді байланыс нарығында дуополия болды. Олигополия сияқты дуополия да аса тиімді емес. Сондықтан тарифтерді реттей алмайтынымыз үшін бұл мәміледен үлкен үміт күтеміз. Яғни үш тәуелсіз мобильді байланыс операторларының арасындағы бәсекеге сенім артамыз. Бұл байланыс сапасын жақсартуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз және бұның бағаларға әсер ететініне сенімдіміз. Естеріңізде болса, Tele2 нарыққа келгенде тарифтерді күрт төмендеткен еді, бұл Kcell мен Beeline компанияларын да бағаларын төмендетуге мәжбүр етті, – деді вице-министр.

Оның айтуынша, алдағы жарты жылда жаңа команда компаниядағы жағдайды зерттеп, нарықты жақсарту үшін шаралар қабылдайды. Егер бұл жүзеге аспаса, Цифрлық даму министрлігі 2 жылда жаңа операторды енгізуді жоспарлап отыр, бұл үшін жиілік диапазондары дайындалған.

– Екі жылдан кейін, егер қазіргі үш оператор азаматтарымыздың сапа мен тарифтерге қатысты қажеттіліктерін қанағаттандырмаса, біз нарыққа төртінші операторды енгізуге дайын боламыз, – деп толықтырды Асхат Оразбек.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.