{metadescription}
Қызылордада көпқабатты үйдің балконынан ер адам секіріп кетті

Қызылордада көпқабатты үйдің балконынан ер адам секіріп кетті

Оқиға 20 қаңтарда қаланың орталығындағы А.Тоқмағанбетов көшесіндегі бес қабатты үйде болған. Бесінші қабаттан ер адам секіріп кеткен.

- Ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Қазір ол қалалық ауруханада ем алып жатыр. Қылмыстық іс тіркелді. Себебі мен мән-жайы анықталуда, - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.

Еске салсақ, бұдан бұрын қызылордалық полицейлер ер адамды суицидтен құтқарды. Патрульдік полиция қызметкерлері Айдархан Кенжебекұлы және Шыңғыс Жалғасбай оқиға орнына барғанда үй ауласында ер адамның ағаш баспалдаққа асылып тұрғанын көреді.

Дереу ер адамды құтқаруға әрекет жасалды. Осылайша оны өлімнен арашалап қалды.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.