{metadescription}
Қостанай облысында қару салынған сейфті ұрлап кетті

Қостанай облысында қару салынған сейфті ұрлап кетті

Арқалық қаласында полиция қызметкерлері азаматтық қаруы бар сейфтің ұрлануы дерегін ашты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті ретінде бұрын сотты болған 34 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, криминалдық полицияның жедел іс-қимылы нәтижесінде ұсталды.

Ол Ашутасты ауылының тұрғынының үйіне заңсыз кіріп, ішінде 12 калибрлі екі мылтығы бар сейфті ұрлап әкеткен. Айта кетерлігі, қару барлық заң талаптарына сәйкес сақталған, сейф қабырға мен еденге мықтап бекітілген болатын.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Ұрланған мүлік тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде