{metadescription}
ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады

ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады

22 қаңтар күні Ішкі істер министрлігі ауа-райының күрт бұзылуына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство қазіргі уақытта 15 облыстың 43 жол учаскесінде автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізілгендігін нақтылады.

"Республикалық маңызы бар алты мыңнан астам шақырым жолда, яғни көрсетілген санаттағы жолдардың 25%-ында шектеулер енгізілген. Осы орайда біз сіздерді сапарға шығудан бас тартуға шақырамыз. Жолға шығып қойған азаматтарға жабылған жол учаскелеріне жақын орналасқан елді мекендерде тоқтап, ауа райының жақсаруын күтуді ұсынамыз. Тәуекелге барудың қажеті жоқ",- деді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Айдын Оразбаев.

Қозғалысқа шектеу енгізілген нақты жол учаскелері туралы "ҚазАвтоЖолдың" ресми Telegram-арнасында, радио, теледидар және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ 1403 телефон нөмірі арқылы біле аласыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде