Елдегі азаматтар енді алимент алу үшін арнайы шоттар ашатын болады
Ұлттық банк қаулы дайындады, онда клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларына және ҚР аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: Zakon.kz
16:05 22.01.2025
Қазақстан Республикасының резиденттері жеке тұлғалар –алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алушыларға алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шотты ашу кезінде клиент банкке:
- алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) алушының жеке басын куәландыратын құжатты;
- ағымдағы шоттың мақсаты қамтылған өтінішті;
- алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) өндіріп алу туралы сот актісінің немесе Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодекске сәйкес жасалған алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) төлеу туралы нотариат куәландырған келісімнің көшірмесін ұсынады. Егер есептелетін ақша сомасы алименттерге (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаға) байланысты емес болған және (немесе) төлем белгілеудің кодтық белгісі алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақша) есептеу үшін бөлінген төлем белгілеудің кодтық белгісіне сәйкес келмеген жағдайда, клиент-жеке тұлғаның талап етуі бойынша алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есептеу үшін ашылған ағымдағы шотқа ақшаны есептеген.
Қаулы жобасы алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған жеке банктік шотты ашуға бағытталған банктердің банктік қарыздар бойынша мерзімі өткен берешегін өндіріп алудан қаражатты қорғау мақсатында нормативтік құқықтық актілерге өзгертуді көздейді.
Құжат 5 ақпанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!