Оралда ер адам өз пәтеріне 95 адамды тіркеген
Батыс Қазақстан облысында көші-қон полициясының қызметкерлері азаматтарды тіркеу саласында заң бұзушылықтарды анықтады.
Фото: Pixabay
20:30 22.01.2025
Орал қаласындағы пәтерлердің бірінде пәтерде нақты тұрмайтын 95 адам тіркелгені белгілі болды. Пәтер иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 493-бабына сәйкес тұрғын үй-жайлардың иелері азаматтарды заңсыз тіркеген әрбір жағдай үшін жауапқа тартылуы мүмкін.
Келесі тармақтарға ерекше назар аудару керек:
– Бір жыл ішінде қайталап бұзу жауапкершілікті күшейтуге әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК 493-бабының 2-бөлігі).
– Нақты тұрмайтын адамдарды тіркеуден шығару жөнінде шаралар қолданбау (ҚР ӘҚБтК 493-бабының 4-бөлігі).
Бұдан басқа, жеке басын куәландыратын құжаттарсыз немесе тіркеусіз тұратын адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бір жыл ішінде қайталанған бұзушылықтар үшін қатаң санкциялар қарастырылған. Азаматтарды тіркеу саласындағы заңнаманы сақтау – бұл заңдылық мәселесі ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды шарты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!