{metadescription}
ШҚО-да келесі айдан бастап сұйытылған газ бағасы өзгеруі мүмкін

ШҚО-да келесі айдан бастап сұйытылған газ бағасы өзгеруі мүмкін

Шығыс Қазақстан облысында ақпан айынан бастап сұйытылған газ бағасы өзгереді деп жоспарланған.

Бүгінде өңір бойынша газбен жүретін көлік саны – 5644, газға қосылған үй саны - 226. 2025 жылдың бірінші тоқсанында Шығыс Қазақстанға қажетті газ көлемі 9141 тонна деп белгіленген.

Шығыс Қазақстан облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сүйенсек, Энергетика министрі бұйрығының жобасына сәйкес газ өңдеу зауыттарында сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасын арттыру жоспарланып отыр.

- Осылайша, 1 ақпаннан бастап облыстағы жанармай құю бекеттерінде газ бағасы литріне 84 теңгеден 102 теңгеге дейін, ал шалғайдағы елді мекендерде 89 теңгеден 107 теңгеге дейін көтеріледі деп жоспарланған, - дейді басқарма басшысы Нұрлан Рамазанов.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде