{metadescription}
Ақтөбеде шетелдіктерді тасымалдаған автобустың жолаушылары жылыту пункттеріне жеткізілді

Ақтөбеде шетелдіктерді тасымалдаған автобустың жолаушылары жылыту пункттеріне жеткізілді

Ақтөбеде аязды күні жол бойында құтқару жұмысы жүргізілді. Шетелдіктер мінген көліктердің 100-ден астам жолаушысы мен жүргізушісі жылыту пунктіне жеткізілді.

Ақтөбеде түнде аяз күшейді. Жолдың бәрі ашық болғанымен, полиция мен төтенше жағдайлар қызметі бақылауды күшейтті.

- Полиция жасағы Самара-Шымкент автожолының Ырғыз ауданы аумағында тұрған автобусты байқаған. Жол жиегіндегі автобуста 82 жолаушысы болды. Олар Шымкент-Уфа бағытына қарай жолға шыққан. Трассада автобус істен шыққан. Полиция ТЖД қызметкерлерімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жылыту пунктіне 84 адамды жеткізді. Оның ішінде 3 бала бар. Жолаушылар РФ, Өзбекстан және Тәжікстан Республикасының азаматтары, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Сонымен бірге Самара - Шымкент тасжолының Қобда ауданы аумағында тағы бір автобус тоқтап қалған. Автобус БҚО-дан ОҚО-ға қарай бағыт алған. Онда 25 шетелдік жолаушы болды. Жүргізушісі мен жолаушылар жылыту пунктіне жеткізілді.

- Қазіргі уақытта Ақтөбе облысындағы республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда әртүрлі техникалық ақаулары бар 30 ауыр жүк автокөлігі және 2 автобус тұр. Полиция және жергілікті атқарушы органдар оларға жан-жақты көмек көрсетіп жатыр, - деп хабарлады. облыстық ПД баспасөз қызметі.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде